КӨКТЕРЕК АУЫЛЫНДАҒЫ МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ
"AMANAT" партиясының мобильді қабылдауы аясында "AMANAT" партиясының Бөкей ордасы аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты И.Құрмашев, аудандық мәлихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Л.Қайырғалиева, "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалы директоры, аудандық мәслихат депутаты Б.Жұмағұлова, "Пахман" шаруа қожалығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Е.Меңдешев, аудан әкімінің орынбасары М.Аққалиев және Бисен ауылдық округі әкімі аппаратының бас мамандары Р.Әсетов пен А.Нәсиева Бисен ауылдық округіне қарасты Көктерек ауылының тұрғындарымен кездесіп, қабылдаулар өткізді. Ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері: қаңғыбас иттер мен ауыл тазалығы, қайтарымсыз грант пен кәсіп ашуға несие алудың жолдары бағытында сұрақтар қойды. Қабылдауға келген тұлғалар ауыл тұрғындарының топтық та, жекелей қойған сұрақтарына заң шеңберінде жауап беріп, түсінік жұмыстарын жүргізді.
