Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КӨКСУ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Сыбайлас жемқорлықты жою үшін онымен бірлесіп күресу керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту мақсатында, Көксу ауылшаруашылық колледждің ұжымымен және студенттерімен кездесу өткізілді.

Кездесуде спикелер болған Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,  "Жетысу адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы -Аманжол Жазықбаев.

Іс-шара барысында Аманжол Жазықбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, құқықтық сананы қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы алынған ақпаратты дұрыс қабылдай білуге, колледж студенттеріне парасаттылықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жан жақты кеңес және бағыт бағдар беріп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп,  қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, барлық жоғары оқу орындары мен колледждерде «Саналы ұрпақ» студенттік клубтары бар екендігі, жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатқаны жөнінде хабарлады.

Кездесу Агенттіктің кешенді жоспары негізінде ұйымдастырылды. Кешенді жоспардың мақсаты қоғамда парасаттылық мәдениетті ілгерлету болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында видеороликтер мен слайдттар көрсетілді.

0
0
180

Еще по теме

КӨКСУ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ - Yvision.kz