Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"КӨК ТАЛ" ШҚ ТӨРАҒАСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер - Тулешев Бейбіт Асқарұлы кезекті тікелей эфирде партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Партияның 7 басым бағыттарының ішіндегі жайлы ауданға тоқталды.

«Nur Otan» партиясы тұрғын үй алуға мүмкіндік жасай отырып, отбасы институтын нығайту қажет деп санайды.

Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үй қолжетімді болуын қолдайды. Ауданда 1869 адам тұрғын үй кезегінде тұр (оның ішінде 386 көпбалалы отбасы, 974 әлеуметтік әлсіз,71 жетім, 453 бюджеттік қызметкер).

Ауданда 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, олар:

T. Рысқұлова ауылында 1 көппәтерлі тұрғын үй (24 көппәтерлі) және Састөбе кентінде 2 үй (64 пәтер).

Сонымен қатар, Түлкібас кентінде 64 пәтерлі 6 тұрғын үй,32 пәтерлі 3 тұрғын үй және 24 пәтерлі 1 тұрғын үй, Састөбе кентінде64 пәтерлі 1 тұрғын үй, 32 пәтерлі 2 тұрғын үй және 24 пәтерлі1 тұрғын үй,Бақыбек мөлтекауданында 64 пәтерлі 5 тұрғын үй және 32 пәтерлі 2 тұрғын үйдің,барлығы 21 тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге ықпал етеді.

Осы шаралар нәтижесінде қазіргі таңдағы кезектегі 1128 отбасы немесе 60,3%-ы, оның ішіндежастар мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай тұрғын үй деңгейі бір тұрғынға шаққанда 19,9 м2 жетіп, тұрғын үймен тағы да 1104 отбасы қамтамасыз етіледі.

0
0
151

Еще по теме