КӘДІРБЕРДІ АҚСАҚАЛ
Жыңғылды ауылы - Маңғыстау ауданының Шетпеден кейінгі екінші үлкен ауылы. Халық саны 3000 ға жуық.
Сайлауалды насихаттың ретімен Жыңғылдыға келген соң ауылдың үлкендеріне кіріп, сәлемдесіп шығайын деп Кәдірберді ағамыздың шаңырағына бұрылдық.
Ағамыз сөйлеп отырған, байсалды кісі екен. Қолында "Жұлдыз" журналы, көзі ашық адам екен.
"Шырағым Самат, ел басына нәубет келгенде салмағын мен көтердім. Қаражамбаста жұмыс істеп жүрген балам вирустан ауырып, үш күннің ішінде айырылып қалдық.
Қолымда сол баланың баласы бар, немерем. Қарағым, сол Есбердіұлы Қасымхан деген баланы Қаражамбасқа, әкесінің орнына жұмысқа іліктіріп бер.
Сайлауыңды естіп отырмын. Барамын. Беремін даусымды. Көзім көріп отырған бақытты ел үшін дауыс беремін" деді ақсақал.
Қамкөңіл ағаға тілектес көңілімді білдірдім. Немересінің жағдайын ауызым жеткен жерге айтамын деп уәде еттім.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
#NurOtan
#Сапарбаян
#СаматМусабаев
#БізБіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз
