Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ІЗГІЛІК ЖОЛЫНДАҒЫ ИГІ ІСТЕР

Осыдан 1 жыл бұрын, яғни 2019 жылдың 29 қазаны күні Қызылсай ауылының Жаңақұрылыс көшесінің №120 үйінде өрт шыққан еді. Тұрғын үй жайдағы алты пәтердің барлығы толық отқа оранып, жалыны бір-бірін ​ шарпыған болатын.

Демеушілердің қолдауымен №120/1 пәтер тұрғыны С.Араповаға Жаңаөзен қаласы «Шұғыла» шағынауданынан 3 бөлмелі пәтер, №120/2 пәтер тұрғыны Б.Нұрбосиноваға Жаңаөзен қаласы «Жалын» шағынауданынан 2 бөлмелі пәтер, №120/3 пәтер тұрғыны М.Ергазевке «Жалын» шағынауданынан 2 бөлмелі пәтер, №120/4 пәтер тұрғыны А.Бисенбаевқа «Шұғыла» шағынауданынан ​ ​ 2 бөлмелі пәтер, №120/5 пәтер тұрғыны А.Батырға Жаңаөзен қаласы «Шұғыла» шағынауданынан 2 бөлмелі пәтер сатып алып берілді.

Сондай-ақ, №120 «В» пәтер тұрғыны Қ.Алибаевқа 5 000 000 теңге көлемінде ақшалай көмек берілді. Ал, жеке тұрғын үй алып берілгенге дейінгі аралықта жоғарыда аталған азаматтарға Қызылсай ауылы әкімдігі тарапынан уақытша үй жайлар жалдап берілді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сол қиын кезде халықтың қамын ойлағандар қол қусырып отырмай, өрттен зардап шеккен отбасыларға барынша көмек көрсетті. Атап айтқанда, келесі мекемелер мен азаматтарға ерекше алғыс білдіреміз:

1)​ ​ ​ ​ ​ ​ «Өзенинвест» МКК,

2)​ ​ ​ ​ ​ ​ «Өзенмұнайгаз» АҚ,

3)​ ​ ​ ​ ​ ​ «Өзенмұнайсервис» ЖШС,

4)​ ​ ​ ​ ​ ​ «Бұрғылау» ЖШС,

5)​ ​ ​ ​ ​ ​ «Мұнайспецснабкомпани» ЖШС,

6)​ ​ ​ ​ ​ ​ «Альянс ойл сервис» ЖШС,

7)​ ​ ​ ​ ​ ​ «Бейбарыс» ЖШС,

8)​ ​ ​ ​ ​ ​ «Қызылсай LTD» ЖШС,

9)​ ​ ​ ​ ​ ​ «СК УзеньСтройСервис» ЖШС,

10)​ ​ ​ ​ «Спецмаш LTD» ЖШС,

11)​ ​ ​ ​ «ҚазГӨЗ» ЖШС,

12)​ ​ ​ ​ Әбіш Қожа мешітінің жамағаты,

13)​ ​ ​ ​ Рахат ауылдық мешітінің жамағаты,

14)​ ​ ​ ​ «Мұнайспецснабкомпани» ЖШС,

15)​ ​ ​ ​ Жаңаөзен қалалық көпбейінді аурухана,

16) Жаңаөзен қаласының білім беру ұйымдары,

17)​ ​ ​ ​ Бекет ата қайырымдылық қоры (шырақшысы),

18)​ ​ ​ ​ Шопан ата қайырымдылық қоры (шырақшысы).

«Апат айтып келмейді» десек те, төтеннен келетін жағдайлардың алдын алу, дер кезінде іс-әрекет жасап, бір кісідей жұмыла кірісу қауіпті еңсереді.

2
0
144

Еще по теме

ІЗГІЛІК ЖОЛЫНДАҒЫ ИГІ ІСТЕР - Yvision.kz