Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ІЗГІЛІК ЖОЛЫНДАҒЫ ИГІ ІСТЕР

ІЗГІЛІК ЖОЛЫНДАҒЫ ИГІ ІСТЕР

"Өзенмұнайсервис" ЖШС 2016 жылы «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ директорлар кеңесінің отырысында «Жөндеу» ЖШС мен «КРУЗ» ЖШС біріктіру нәтижесінде қайта құрылған серіктестік. Кәсіби білікті, білімді мамандар құралған компанияның жастары да өте белсенді.

2020 жылы карантин кезеңінде алғашқылардың бірі болып ҚР президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Біз біргеміз" акциясын қолдап, келесідей шараларға ат салысты:

— "ӨзенМұнайСервис" ЖШС-нің жас мамандар кеңесінің мүшелері жалғызбасты зейнеткерлер мен қарттардың үйлеріне барып, хәл-жағдайларын білді. Ел еріктілерін қолдаған жастар қарияларға азық-түлік, антисептикалық жабдықтар және медициналық маскалар таратты. Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласының тұрғындарына тегін антисептик, маска, медициналық қолғаптар таратты;

— Серіктестік тарапынан арнайы техникалар бөлініп, ондағы қызметкерлер, жас мамандар «Кендірлі» теңіз жағалауында орналасқан Фетисиво аумағына барып, тазалық жұмыстарын жүргізді;

— Індетке қарсы күресте ұжым мамандары дәрігерлерден де, ауруға шалдыққан науқастардан да қажетті тұста көмегін аямады. Серіктестік қызметкерлері өз еріктерімен қаржы жинап, қажеттілігіне қарай жұмыс күшімен де көмек көрсетті. Ұйымдастыру, тасу, тасымалдау қызметтеріне де атсалысты;

— Серіктестік қызметкерлері КВИ жұқтырып, науқастанған әріптестеріне қолдау көрсету мақсатында өз еріктерімен 300 мыңға жуық қаржы жинақтап, өкпені жасанды тыныстандыру аппаратын сатып алып берді;

— Дүниежүзін жайлаған пандемия салдарынан еліміздің экономикасы әлсіреп, қарапайым халыққа қаржылық қиындық тудырғаны жасырын емес. Бұл қиындықтың шеті Жаңаөзен қаласындағы бірқатар отбасыларға қатты батты. Осы тұста «ӨзенМұнайСервис» ЖШС қызметкерлері бірлікпен өз есептерінен қаражат жинап, қол ұшын созуды жөн көрген. Осылайша сын сағатта ынтымағы жарасқан кәсіпорын жұдырықтай жұмылып, жерлестерінен көмегін аяған емес.

Еще по теме

ІЗГІЛІК ЖОЛЫНДАҒЫ ИГІ ІСТЕР - Yvision.kz