IV Республикалық байқау «Шәкәрім оқулары»
Байқау Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттауды мақсат етеді.
Байқауға көркем сөз оқу шеберлігін меңгерген 5-8 сынып оқушылары қатыса алады.
Қатысу шарттары:
Байқау қатысушылары үшін Шәкәрімнің жатқа білуі тиіс 20 өлеңі бар тізім ұсынылған. (өлеңдердің тізімі Қосымша №1-де көрсетілген, байқау ережесіне сілтеме).
Қатысуға өтінімдер (Қосымша №2) 2026 жылдың 16 ақпанына дейін мына электрондық поштаға қабылданады:
[email protected], [email protected]
Облыстық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары мен оқушыларды дайындаған педагогтар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады.
Облыстық іріктеу кезеңі:
• Күні: 4 наурыз, сағат 10:00• Өтетін орны: Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 74
• Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасы (офлайн формат)
Байқау финалы:
• Күні: 21 сәуір
• Өтетін орны: Астана қаласы (офлайн формат)
Барлық мектеп оқушыларын және педагогтарды белсенді қатысуға шақырамыз!

