Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ПАРТИЯНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАДЫ

Облыстық және қалалық мәслихат депутатына үміткерлер Қазақстанның іскер әйелдер Қауымдастығы облыстық филиалы мүшелеріне “Nur otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмысын жүргізуге арналған онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында “Nur Otan” партиясының Маңғыстау облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының 7 басымдықпен жұмыс жасайтындығын, партияның алдында тұрған міндеттердің барлығының елдің болашақ дамуы мен халықтың өмір сүруінің сапасы және әл-ауқатының жақсара беруі үшін жасақталғандығы туралы айтылып өтті.

Елдің қоғамдық-саяси өмірінде әйелдердің рөлін арттыру, олардың қабілеттерін іске асыру үшін тең мүмкіндіктер жасау – біздің саясатымыздың басымдықтарының бірі.

Әйелдерді өкілдік етуші органдарға ұсыну үшін «Nur Otan» өзінің партиялық қатарына кем дегенде 30% әйелдерді қосады.

“Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.

Еще по теме

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ПАРТИЯНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАДЫ - Yvision.kz