ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ
Кеше аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, Түлкібас аудандық орталық аурухананың акушер-гинеколог дәрігері - Күзембаева Ақсұлу Шаменқызы іскер әйелдер ассоциациясы қауымымен "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының" мәжіліс залында кездесіп, дөңгелек үстел өткізді. Өз сөзінде кандидат халықтың күнделікті өмір тіршілігі, көкейіндегі мазалаған сұрақтары, қазіргі әлемдегі пандемияға байланысты денсаулығын, амандығын ойлаған халқымның үрейі, ой-толғанысы әрқашан қолайлы шешім табуға ізденіске жетелеу керек деді. Сонымен қатар, "Бикеш" сауда үйі жеке кәсіпкерлігінде өткізілген кездесу мен сұхбатта жерлестерінің күнделікті мазалаған ойлары мен туындаған мәселелер бойынша ой бөлісті! Сонымен қатар іскер азаматшаларды 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда дауыс беруге белсене қатысуға шақырды.
