ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшелері Қазақстанның іскер әйелдер кеңесінің мүшелерімен ауылдарда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселесі бойынша кездесу өткізді. Бұл кездесуді аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебаев Қуатбек Сағымбекұлы ашып, жүргізіп отырды. Жоғарыда көрсетілген іс-шараға арнайы жеке кәсіпкер, аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Киргизалиева Нұржамал Әлібекқызы және сол кеңестің ауданымызда әр түрлі бизнесті дамытып келе жатқан мүшелері шақыртылған болатын. Нұржамал Әлібекқызы өз сөзінде аудандық іскер әйелдер кеңесінің құрылуының себебі және мақсаты өз сөзінде нәзік жанды кәсіпкерлікпен айналысамын деген жандарға, бағыт-бағдар көрсетіп, кеңес беру, мемлекет тарапынан қаржы көздерін қарастыру екендігін жеткізді. Бұл кеңес одан бөлек, 2015 жылдан бері қайырымдық қорын жүзеге асыруымен де айналысады. Аудандағы мектеп-ошақтардың бірі Б.Садықов ат. ЖОМ 25 отбасылық жағынан аз қамтамсыз етілген отбасыларға жылына екі рет, яғни ораза айы қарсаңында және жаңа жылға таман сол отбасыларға қолдау білдіріп, қамқорлық көрсетіп отырғандығын алға тартты. Одан бөлек бұл кеңес мүшелері 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында әр түрлі мемлекеттерден жиналған іскер әйелдер қауымымен кездесіп, өзара тәжірибе алмасып, өз бизнестерін көзайым қылғандарын айтты. Одан бөлек жиналған әйелдер кеңесінің мүшелері өз ұсыныстары мен әр түрлі мекеме басшыларына қояр наразылықтарын партия арқылы жеткізуді өтінді. Әйелдер бизнесінің дамуы - көптеген аспектілерінде жағымды фактор, өйткені кәсіпкерлік әрекет басқаларымен қатар - тұлғаның өзін-өзі көрсетудің, оның әлеуетін іске асырудың ең басты әдістерінің бірі. Сонымен қоса, ол абырой және өзіне-өзі сену сезімін қалыптастырады.
