ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР БАС ҚОСТЫ
Әйгілі Наполеон «Өркениетті әрі білімді ұрпақтың қалыптасқанын қаласаңыздар, бірінші аналарға білім беріңдер» деген екен. Ал қазіргі заманда білім өмірлік тәжірибемен, қоғамдағы белсенділікпен де келетінін ескерсек, ешкімнің қоғам дамуынан қалыс қалуына болмайды. М.Әуезовтің «ұлт болам десең бесігіңді түзе» дегені де, сол бесікті тербететін әйелдер рөлімен тікелей байланысты. Ендеше, қай қоғамда да әйелдің арқалаған жүгі жеңіл емес. Бұл тұрғыда әйелдер іскерлігін ілгерілетудің, ханымдарды кәсіпкерлікен бейімдеудің жөні бөлек екені рас. Оған әрдайым қолдау қажет. Осы мақсатта бүгін аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Л.Сейткереева Ақсуат ауылында әйел-азаматшалармен кездесті.
