Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ІШКІ ЖАН-ДҮНИЕ ДАМЫМАЙ, СЫРТҚЫ ӘЛЕМ ӨЗГЕРМЕЙДІ!»

«ІШКІ ЖАН-ДҮНИЕ ДАМЫМАЙ, СЫРТҚЫ ӘЛЕМ ӨЗГЕРМЕЙДІ!»

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні фейсбук әлеуметтік желінің парақшасында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер – Утебалиева Шаттық Саматқызының қатысуымен «Үміткерге сұрақ» тікелей эфирі оздырылды.

Аталмыш тікелей эфирге 30-ға жуық желі пайдаланушылары қатысты.

Өздеріңізге мәлім, Утебалиева Шаттық Саматқызы бүгінгі күні жастардың жанашыры, белсенді жас көшбасшы, білікті педагог болып еңбек етіп келеді. Халықтың әлеуметтік мәселесін көтеріп, алғаш рет «Праймериз» саяси додасына қатысты. Нәтижесінде, халықтың басым дауысына ие болып, халық қалаулысы атанды. Бүгінгі тікелей эфирде де Шаттық Саматқызы, өз сөзінде «Nur Otan» партиясының 17 қараша күні өткен съезін тілге тиек етіп, конференцияда жарияланған партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталды. Денсаулық сақтау, білім беру, экологиялық мәселелермен қатар, бала тәрбиесі мен заманауи мектептердің құрылысы туралы да айтып өтті.

Онлайн сұқбат - ашық, әрі еркін форматта жүргізіліп, көрермендерден көптеген сұрақтар келіп түсті. Солардың ішінде, қосымша білім беру ұйымдары мен жұмыссыздық мәселері және азаматтық белсенділікті жастар бойына сіңіру жолындағы шаралар жөнінде сұрақтар мен ұсыныстар жеткізілді.

Үміткер тікелей эфир көрермендеріне партияның атқарған және атқарып келе жатқан жұмыстары туралы баяндап, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға қатысып, партияға дауыс беруге шақырды.

Сөзінің соңында ол:

- Санға емес санаға, жасыруға емес жариялауға, рухани байланысты нығайтуға көбірек жұмыстану керекпіз. Себебі, ішкі дүние дамымай, сыртқы әлем өзгермейді!, - деп қорытындылады.

@nur_otan

#nurotan

0
0
180

Еще по теме

«ІШКІ ЖАН-ДҮНИЕ ДАМЫМАЙ, СЫРТҚЫ ӘЛЕМ ӨЗГЕРМЕЙДІ!» - Yvision.kz