Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ІШКІ ПАРТИЯЛЫҚ ТӘРТІПТІ САҚТАУ – БАСТЫ ТАЛАП

Бүгін «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен төрағаларының қатысуымен жиын өтіп, жиында ішкі партиялық тәртіпті сақтау мәселелері кеңінен сөз болды.

Негізгі мақсат партия мүшелерінің әдеп кодексі бойынша бекітілген ережелердің сақталуын қадағалау, бақылау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Жалпы «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалында 3150 партия мүшесі болса, биыл партияға жаңадан қабылданғаны 222 адамды құрап отыр. Жиында партия мүшелері мен партияға жаңадан қабылданған азаматтардың партиялық тәртіпті қатаң ұстанып, моральдық-этикалық жүріс-тұрыс нормаларына сай болуы тиіс екендігі айтылды.

«Партиялық этика» мәселесін партия мүшелері жалпы қоғаммен тікелей қарым-қатынаста болғандықтан ең алдымен біздің қоғамның азаматтық келбетін көрсететін аса маңызды шарттың бетке ұстары деп қарастырғанымыз жөн. Әрбір партия мүшесінің жауапкершілігі, міндеті, өзінің конституциялық парызы десек біз қателеспейміз. ҚР Тұңғыш Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партиялық жауапкершілікті арттыру, қарапайым халықтың мұң-мұқтажына мұқият қарап, олардың ұсыныстары мен талап-арыздарын ескерусіз қалдырмау негізгі бағыттардың бірі екенін атап өткен болатын. Бұл турасында «Nur Otan» – министрлік те, атқарушы билік те емес. Ол келешектің мүмкіндігін ескере отырып әрекет ететін, жалпыұлттық тәртіпті белгілейтін стратегиялық күш»,-деді Елбасы.

«Nur Otan» партиясы мүшесінің Этика кодексі» ең алдымен біздің Ата заңымыз - Конституциямыздың нормаларына сүйеніп шыққан. Партиялық этика, әдептің сақталуы, орындалуы - сайып келгенде қоғамға оң ықпалын тигізері хақ. Ізгілікті қоғамның рухани әлеуеті - сөз жоқ әрбір саналы азаматтың үлесінен құрылатыны да аян. Осы тұрғыда «Nur Otan» белсенділері де, мүшелері де ашықтықпен атсалысуға міндетті.

Еще по теме

ІШКІ ПАРТИЯЛЫҚ ТӘРТІПТІ САҚТАУ – БАСТЫ ТАЛАП - Yvision.kz