Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Іс-шара

2015 жылғы 09 қазанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Берікбол Байхожаевтің қатысуымен Қызылорда қаласында орналасқан коворкинг орталығында «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығының ұйымдастыруымен Қызылорда облысының аудандарымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша» онлайн - конференция өткізілді. Сонымен қатар, онлайн-конференцияға Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің доценті, заң ғылымдарының кандидаты М.Қойшыбаева, «Ақбота» қоғамдық қорының жетекшісі Ш.Базарбаева, «Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Г.Абдухалыкова, заңгер эксперт, заң ғылымдарының магистрі Ж.Тұсмағамбетов және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, мемлекеттік қызметтің имиджі мен халық сенімін арттыру болып табылады.

Онлайн-конференция барысында қатысушылар тарапынан түскен бірқатар сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

 
0
0
181

Еще по теме