Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Іс-шара

2015 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен Қызылорда қаласында орналасқан коворкинг орталығында «Туған жер» қоғамдық  қозғалысы» Қауымдастығының ұйымдастыруымен «Құқықтық білім арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» жобасы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында байқау өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, мемлекеттік қызметтің имиджі мен оған деген халық сенімін арттыру болып табылады.

Ережеге сәйкес байқауға облыстағы мемлекеттік мекемелерден жасы 30-ға дейінгі жас қызметшілер қатысты. Байқау 3 кезеңнен тұрды. Қатысушылар «таныстыру», «тестілеу», «Мен мемлекеттік қызметке лайықтымын» тақырыбында эссе жазу белестерін еңсерді. Олардың білімдері мен қабілеттерін білікті қазылар алқасы бағалады.

Таза және ымырасыз бәсекелі додада көп ішінен оза шауып, Бірінші орынды Қызылорда облысы жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының бас маманы Ш.Киізбаев, екінші орын Облыстық қаржы басқармасының бас маманы Е.Сауранбекұлы иемденді. Үшінші орынды Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы О.Ержанов алды. Қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

«Басты мақсат – мемлекеттік қызметшілер арасында қабілетті, дарынды мемлекеттік қызметшілерді айқындау және оларды ынталандыру, кәсіби дамыту, қоғамдағы мемлекеттік қызметшінің статусын көтеру, өзіндік имиджін қалыптастыру және нығайту», - деді Департаменттің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Байхожаев.

 
0
0
230

Еще по теме

Іс-шара - Yvision.kz