Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ӨҢІРЛІК ДАМУ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ»

2019 жылдың 24 қазан күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында (бұдан әрі – Филиал) Орал қаласы және аудан әкімдеріне арналған «Өңірлік даму трансформациясы» тақырыбында біліктілік арттыру семинары басталды.

Семинардың негізгі мақсаты – әкімдердің халықпен өзара іс-қимыл жасауымен қатар, заманға сай көшбасшылық дағдыларын дамытып, трансформациялық ойлаудың жаңа мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Семинардың ашылуына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Ғ.С.Тұрсынбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, филиал директоры Ж.Қ.Даухарин, Орал қаласы және аудан әкімдері қатысты.

Сонымен қатар, Н.И.Самет семинарға қатысушыларға «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасын таныстырды және Агенттіктің негізгі қызметі туралы баяндады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері Филиал қабырғасында мемлекеттік қызметшілерге қоғамда парасаттылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша дәрістерді тұрақты түрде өткізіп келеді.

1
0
304

Еще по теме

«ӨҢІРЛІК ДАМУ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ» - Yvision.kz