ІРІ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ТОРАП ҰЖЫМЫМЕН ОНЛАЙН БАЙЛАНЫС
Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол " Қазақстан халқына Жолдауы аясында ірі бизнес-транзиттік аймақтық хабқа айналдыру тұрғысынан, сондай-ақ «Жаңа Жібек Жолы» жобасы шеңберінде «Құрық порты» құрылған еді. Бүгінде порт айлағы астық, тыңайтқыштар, мұнай өнімдері, химиялық заттар, халық тұтынатын тауарлар, машиналар мен түрлі жабдықтар және өзге де жүк түрлерін тиеп-түсіруге негізделген қолайлы нысан болып табылады.
Еліміздегі ірі логистикалық байланыс торап ұжымымен бүгін «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау, түсіндіру мақсатында облыстық және аудандық сайлауалды штаб мүшелері болып онлайн байланысқа шықтық. Партияның «Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір!» атты бағдарламасын таныстырып, әр бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарды түсіндірдік.
