ӨҢІРГЕ БЕС ЖЫЛДА 4 МҰРАЖАЙ
Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы.
Сайлауалды бағдарламада «Тарих пен мәдениетті дамыту» атты басым бағыт бар. Бұл бағытта Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыра отырып, өлкенің тарихи-мәдени мұраларын сақтауға және өнер салалаларын дамытуға жұмыстанады.
Облыс деңгейінде 4 мұражай, 7 кітапхана, 5 ауылдық клуб салынады. Жаңаөзен қаласының жоғары сынып оқушылары мен жастары үшін даму секциялары бар орталық құрылып, өлкетану экспедициялары ұйымдастырылады.
Тарих пен мәдениетке қатысты жоспарлы жұмыстар жөнінде облыстық мәслихат депутатына үміткер Наурызбек Мағдатов Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен кездесу айтты. Шағын отырысқа мұражай қызметкерлері қатысты. Олар музей үшін өлкемізде осындай биік, кең, соңғы үлгіде жабдықталған ғимарат салынғаны қуантарлық жағдай екенін жеткізді.
Н.Мағдатов сонымен қатар 2025 жылға дейінгі "Жастар-Отанға!" бағдарламасы туралы ақпарат берді. Бағдарлама 5 бағыт бойынша 100 шараны, 19 нақты индикаторды қамтиды.
