Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӨҢІРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫН КЕШЕНДІ ШЕШУ МАҚСАТЫНДА «ЖОЛ КАРТАСЫ» БЕКІТІЛДІ

Бұл туралы Маңғыстау облыстық экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов мәлім етті.

Айтуынша, бекітілген жол картасы қоршаған ортаға теріс әсерді азайту және болдырмау мақсатында қолға алынған шара. Сондай-ақ атмосфералық ауаға зиянды заттардың шығарындыларын азайтуды көздеп отыр.

«Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында орналасқан қиыршық тас карьерлерінің қызметінен шаң жүктемелерінің алдын алу мақсатында, аумақты көгалдандыру, қалдықтарды басқару саласы, жер ресурстарының тарихи ластануының алдын алу, радиоактивті ластануды болдырмау, соныменг қатар су ресурстары саласы, биоалуантүрліліктің сақталуы және тағы да басқа экологиялық мәселелерді шешу мақсатында әзірленді»,- деді Руслан Төкенов.

Айта кететін жәйт, өңірдегі ірі жер қойнауын пайдаланушылардың өнеркәсіптік қалдықтарын, оның ішінде "тарихи" деп аталатын қалдықтар кәдеге жарады.

Мәселен, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның негізгі қызметі Маңғыстау облысының 15 мұнай кен орнында мұнай мен газ өндіру. Оның келісімшарттық аумақтарында бұрын жинақталған өндірістік қалдықтары бар 12 полигон болған.

«Атап айтқанда “Жетібаймұнайгаз” ӨБ аумағында: 7 полигон-ГУ-3 (ескі), ГУ-9, ГУ-Асар, ЦППН (жаңа), ЦППН (ескі), ЦППН нефтешлам және ГУ-3 (Жаңа). Олар осы уақытқа дейін пайдалануға берілмеген. Ал "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ аумағында: 5 полигон - №1 ЗГ, №2 ЗГ, мұнай шлам полигоны, №3 бұрғылау қалдықтары полигоны және қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны. Қазіргі уақытта техникалық рекультивация жүргізумен 9 полигон толығымен жойылды (атап айтқанда 2017 жылы – 1, 2018 жылы – 1 және 2019 жылы – Осы жылы қалған 3 полигонды тиісті рекультивациялық жұмыстар жүргізе отырып, жою күтілуде. "Қаражанбасмұнай" АҚ бойынша 2019 жылы 36 005 тонна бұрын жинақталған өнеркәсіптік мұнай қалдықтары кәдеге жаратылды, осылайша №1 полигон толығымен тазартылды»,-деді Руслан Төкенов.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

0
0
194

Еще по теме

ӨҢІРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫН КЕШЕНДІ ШЕШУ МАҚСАТЫНДА «ЖОЛ КАРТАСЫ» БЕКІТІЛДІ - Yvision.kz