Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӨҢІР БАСШЫСЫ - БӨКЕЙ ӨЛКЕСІНДЕ

Облыс әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен Бөкей ордасына келіп, аудан тұрғындарымен кездесті.

Өңір басшысы сапарын республикалық маңызы бар Өнеге-Бисен-Сайқын тас жол құрылысының басынан бастап, құрылыс барысына жауапты мердігерлермен кездесіп, жұмыс барысымен танысып өтті.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берген өңір басшысы мердігерлерге сөгіс беріп, тапсырмасын берді.

Сапар Бисен ауылдық округімен кездесуінде тапты.

Отырыс барысында аудан әкімі Нұрлыбек Даумов ауданның жалпы жағдайымен таныстырды. Бисендіктер өздерін мазалаған мәселелерін облыс әкімінің назарына ұсынды. Ауыл азаматтары жол, құм көшуі, электр бағаналардың тозуы және т.б мәселелерді көтерді.

Ғали Есқалиев тек сұрақтарға жауап берумен шектелмей, жергілікті тұрғындарды жеке мәселе бойынша да қабылдады.

Сонымен қатар, облыс әкімі іссапар барысында “Пахман” ШҚ алма бағымен және “Ораз” ШҚ жағдайымен танысты.

0
0
219

Еще по теме

ӨҢІР БАСШЫСЫ - БӨКЕЙ ӨЛКЕСІНДЕ - Yvision.kz