Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ИДЕЯ – АҚШ НАРЫҒЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЛЫСЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КОМПАНИЯЛАР АКЦИЯСЫ.

АҚШ нарығындағы тұрғын үй құрласы саласына инвестиция неге 2021 жылы жақсы идея болып табылады:

Ипотека ставкалары өте төмен деңгейде

АҚШ экономикасы тез қалпына келуде

Тұрғын үйге деген сұраныс COVID-19 кесірінен өсуде

Төменде ірі капитализациясымен ерекше 5 АҚШ компаниясы инвестиция жасау мақсатында қаржылық көрсеткіштері келтірілген:

1.       PulteGroup Inc, биржадағы қысқа атауы – PHM;

2.       Toll Brothers Inc – TOL;

3.       NVR Inc – NVR;

4.       Lennar Corp – LEN;

5.       D.R. Horton Inc – DHI.

Егер біз көрсеткіштерге мұқият назар аударсақ P/E көрсеткіші бойынша PHM компаниясы оқ бойы озық тұрғанын көреміз. Бірақ инвестор үшін бұл көрсеткіш жалғыз назар аударатын көрсеткіш емес, басты көрсеткіштердің бірі ол компанияның қаржы жағдайы және инвесторға пайда әкелу мүмкіндігі. Компанияның ұзақ мерзімде тұрақты болуы оның қарыз деңгейіне де байланысты болады. Бұл көрсеткіш бойынша PHM компаниясы тағы да тиімділігімен ерекшеленеді (компанияның еркін ақша көлемі оның қарызының 82 пайызын жабады). Дегенмен PHM компаниясы жалпы қарыздың балансқа қатынасы коэффициенті бойынша DHI компаниясына қарағанда әлсіздеу. Жалпы баланста DHI компаниясының қарызы 37 пайыз болса, PHM компаниясы үшін 49 пайызды құрайды.

Таза табыс көрсеткіші бойынша екі компания да жақсы көрсеткішке ие. Дивиденд көрсеткіші бірінде 1,15 пайызды құраса екіншісі 1 пайыз ғана. Дивиденд көрсеткішінің төмендігі компанияның акциясының өсу қарқынымен түсіндіріледі, яғни аталған компаниялар жылдам өсуші болып табылады.

Жоғарыдағы көрсеткіштерді саралай келе инвестор үшін PHM және DHI компаниялары бірдей тартымды деп айтуға болады. PHM компаниясы P/E көрсеткіші бойынша тартымды болса, DHI компаниясы қарызының жалпы баланстағы төмен деңгейімен тартымды. NVR компаниясы табыстылығы мен қаржылық жағдайының тұрақтылығы жағынан барлық компаниялардан оқ бойы ұзақ тұрғанымен оның акция бағасы P/E көрсеткіші бойынша қымбат.

Егер инвестор тұрғын үй құрлысы саласындағы 1 немесе 2 компаниямен ғана шектелгісі келмесе – нарықта диверсификациясы жоғары осы сала бойынша ETF тер бар. Олар: ITB, XHB, NAIL, PKB, HOMZ. Егер біз инвестордың нарықтағы басты «досы» диверсификация екені есімізге алсақ – инвестор үшін ETF жақсы шешім болып табылады. Инвесторлар үшін бұл идеға портфельдің тек 5-10 пайызын арнағаны дұрыс.

Басқа да инвестициялық идеялармен танысу үшін www.investor.org.kz сайтына кіріңіз.

0
0
183

Еще по теме