Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ИНТЕРНЕТ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛДІ.

Ырғыз ауданы Жайсаңбай ауылдық округі Билайн және Актив операторларының интернет мүмкіндігі жаңартылып, (Н+), (3G) интернет жылдамдығы іске қосылды. Бұған дейін мамыр айында «Қазақтелеком» АҚ арқылы «Megaline» кеңжолақты талшықты оптикалық интернет желісі іске қосылған болатын. Бүгінгі күні Жайсаңбай ауылында интернет мәселесі толық шешімін тапты. «Nur Otan» партиясы Ырғыз аудандық филиалына Жайсаңбай ауылдық округ тұрғындары алғыс білдірді. ҚАЗТЕЛЕРАДИО: Таулы, тасты жер болса да радиотелевизиялық станция салынады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру - бүгінгі күннің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осы бағдарлама аясында «Қазтелерадио» АҚ - телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық оператордың тікелей қатысуымен және қолдауымен цифрлық эфирлік телевизияға көшу жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда.Бұл үрдістегі басты міндет-радиотелевизилық станцияларын салу.

0
0
159

Еще по теме