ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
2020 жылдың 29 сәуір күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен «Facebook» әлеуметтік желісінде интернет-конференция ұйымдастырылды.
Азаматтардың сұрақтарына БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Рустам Сапарбекұлы Ақмырзаев жауап берді.
Бұл кезеңдегі қоғаммен өзара байланысудың бұл форматы азаматтар тарапынан өзінің белсенділігін көрсетті.
Аталған жұмыстар жүйелі түрде өз жалғасын табатын болады.
