Интернет- акция
А.ж. 8 тамызда «Адал жол – Честный путь» марафонын өткізу аясында «Адал өңір – лайықты болашақ!» атты интернет-акциясы ұйымдастырылды.
Аудандық әкімдік және жастар ресурстық орталығының интернет ресурстарында және әлеуметтік желілерде жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнамалар жарияланды. Сондай-ақ, жастар ресурстық орталығының әлеуметтік желілердегі парақшаларында «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафонының басталуы жөнінде мәлімет жарияланды. Мақсаттық топ – аудан жастары.
