Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ІЛГЕРІ ДАМУДЫҢ КӨШІНЕ ІЛЕСКЕН АУЫЛ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА СЕНІМ АРТАДЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясы, Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин мен Ойыл аудандық маслихаты депутаттығына үміткерлер 15 желтоқсан желілік кестеге сәйкес Қараой ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Қараой ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында «Nur Otan» партиясы, Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Займолдин «Nur Otan» партиясы, Ойыл аудандық филиалының алдағы бесжылдыққа арналған сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтарды жан-жақты баяндады. Үміткерлер де «Nur Otan» партиясы, Ойыл аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасындағы ауданның экономикалық даму жолындағы кезең-кезеңімен атқарылатын жұмыстарды нақты айта келе, Қараой ауылына да қатысты жасалынатын игі істерге тоқталды. Сонымен қатар білім беру, медицина, мәдениет, ауыл шаруашылығы салаларында туындайтын негізгі мәселелеріне қатысты ауқымды жобалардың келер жылдың еншісінде кезек күтіп тұрғанын мәлім етті. Кездесуде тұрғындар өте белсенді болды. Тұрғындар тарапынан ұсыныс-пікірлермен қатар сұрақтардың көпшілігі партияның алдағы жоспарларына қызығушылығын білдірген сайлаушылардан болды. Қараой ауылдық округі аудан орталығынан шалғай жатқанымен ауылда болашаққа деген ұмтылыс жоғары. Ауылдың ажары кіріп тұр. Ауылды абаттандыру, тазалық жұмыстары да жүргізілген. Ілгері дамудың көшіне ілесіп келеді. Тұрғындардың көңіл-күйі көтеріңкі. Себебі, бұрын Қараойдың өзекті мәселесі жол қатынасы болса, бұл мәселе мемлекет тарапынан шешімін тауып, асфальттау жұмыстары басталу сатысында. Сондықтан қараойлықтар да «Nur Otan» партиясына сенім артып, жұмысына сәттілік тілеп отыр.

0
0
132

Еще по теме

ІЛГЕРІ ДАМУДЫҢ КӨШІНЕ ІЛЕСКЕН АУЫЛ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНА СЕНІМ АРТАДЫ - Yvision.kz