https://www.facebook.com/NurOtan.Zhezkazgan
https://www.facebook.com/NurOtan.Zhezkazgan/videos/1315449468822754/?__cft__[0]=AZU3OW0AAgtK6CXFjJq50PRNDtQErBpohDeqTk4osOtevt6CXen1fQLNFkXDzwkppTxZ0FbXgLuXp7wlbHfTX-bSlGwvmvbnZifITxLR8Rd7NHJYXafooDM5GxWyi0HUL1vL48er4X6Ewhq4nvjDzBgn&__tn__=%2CO%2CP-R Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Силар Қияқбаев "Facebook" әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шығып, жерлестерін 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсене қатысып, Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
"Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" деп аталған Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырған кандидат Жезқазғанды дамытуды көздеген өңірлік бағдарламаға да тоқталды. Аталған құжатта жезқазғандықтарды алаңдатқан таза ауыз су, сапалы инфрақұрлым мен тұрғын үйдің қолжетімділігі мәселелерінің шешу жолдары қарастырылып отыр. Сонымен бірге, мысты өлкенің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған нақты шаралар да жоспарланған. Атап айтсақ, алдағы бес жылда "Nur Otan" партиясы шағын және орта бизнесті дамыту жолында 95 жобаға қолдау көрсетіп, туризм саласын өркендету арқылы Жезқазған -Ұлытау аймағының сакралды жерлерін барша әлем елдеріне паш етуді межелеп отыр. Жылдар бойы көтеріліп жүрген Жезқазғанның экологиялық жағдайын жақсарту мәселесінің де өз шешімін табатын күні алыс емес. Ерекше қажеттілігі бар жезқазғандықтарға тең мүмкіндік ұсынып, қала тұрғындарына сапалы білім мен медицина қызметінің көрсетілуін қамтамасыз ету, бұқаралық спортты дамыту, жастарды жан-жақты қолдау да өңірлік бағдарламада қаузалып отыр.
Жоғарыда айтылған жоспарларды жүзеге асырып, Жезқазғанды жасыл желекті, таза ауалы, өркендеген, қауіпсіз де жайлы қалаға айналдыру "Nur Otan" партиясы мен оның кандидаттарын таңдағанда ғана мүмкін. Ұрпағы үшін жарқын болашақты қалайтын азамат саяси додада Елбасы бастамалары мен "Nur Otan" партиясын қолдауы керек. Біз біріккенде алынбайтын қамал жоғын ұмытпайық!!!
@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
