
Толығырақ;
10 желтоқсан – қазақтың қайсар қызы Роза Төлетаеваның туған күні. Біз сол күні саяси тұтқын Роза Төлетаеваға құттықтау телеграммасын жолдаймыз. Қайсар азаматшаны қолдағысы келген кез-келген азаматты құттықтауға қосылуға шақырамыз.
Құттықтау телеграммасын жолдаймын деуші азаматтарды. 10 желтоқсан (дүйсенбі) 2012 жылы сағат 10-да Алматыдағы орталық почта бөлімшесі, Бөгенбай батыр көшесі 134, Абылай хан көшесінің қиылысында кездесуге шақырамыз.
Бәріміз бірге Роза Төлетаеваға құттықтау телеграммасын жолдайық. Басқа қалалардағы азаматтар да қосылсаңыздар өз қалаларыңыздан төмендегі мекен-жәйға құттықтау жіберулеріңізге болады: “Учреждение УК – 157/11, г. Атырау, ул.Сатыбалдина 47,тел. 8 7122-461149. Розе Тулетаевой”