Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ХИМИОПРОФИЛАКТИКАНЫ ӨТКІЗУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА

Сіздің балаңыз туберкулездік  вираж диагнозымен туб. диспансерге есепке алынды және оған химиопрофилактика тағайындалды? Туберкулездік  вираж деген не және дені сау бала неге дәрі ішуі керек? Химиопрофилактика деген «қорқынышты сөздің» мағанасы қандай?

Туберкулез - туберкулез таяқшаларымен қоздырылатын жұқпалы дерт немесе оның басқа аты Кох таяқшасы екенінен бастайық. Дерт көбіне ауалы - тамшылы немесе ауалы - шаңды жолымен, атап айтқанда туберкулез микробтары бар ауа немесе шаңмен тыныс алғанда жұғады. Алғашқы жұқтыру, немесе дәрігерлер тілінде инфицирование  («жұқтыру») Манту сынамасының оң түрімен (виражбен) білінеді. Мұндай балалар міндетті түрде дәрігер-фтизиатрда тағы да тексерілуден өтуі тиісті – қан, зәр, глист жұмыртқасына нәжіс тапсырады, кеуде қуысы органдарының рентген суретін жасап, жанұясының ересек мүшелері міндетті түрде өкпенің флюорографиялық тексеруінен өтуі қажет. Егер бала ауруға ұшыраса, ол стационарға емделуге жіберіледі. Егер баланың дені сау, бірақ оның туберкулездік сынамасы оң болса, бұл «инфицирование» - «жұқтыру» деп аталады, ол өз денсаулығын сақтап, бактерияларға ауруды туындатуға жол бермеуі қажет. Міне осы үшін дәрі-дәрмектер тағайындалады. Сөйтіп,  химиопрофилактика  - туберкулез дерті дамуының алдын алу үшін  туберкулезге қарсы препараттарды қолдану.

Химиопрофилактика тиімділігі жоғарылығымен ерекшелінетін изониазид препаратымен жүргізіледі, ол жеңіл қабылданады және  ауыз арқылы ішуге болады. Профилактика курсы 3 ай, оны медицина қызметкерінің көзінше санаторлық жағдайда үнемі қабылдаудың маңызы зор. Изониазидтің тәуліктік мөлшері тамақтан кейін 15-20 минут өткесін бір қабылдауға тағайындалады. Препаратты жақсы сіңіру үшін құрамында А және В тобының витаминдері бар  поливитаминдер тағайындау ұсынылады. Изониазид сирек жағдайда бөртпе, асқазан-ішек жолдарының қолайсыздығын, бас айналу түрінде қосалқы реакция береді. Қосалқы реакция болса емдеу жүргізетін дәрігерге айту қажет. Ал препаратты қабылдауды өз бетімен тоқтатуға болмайды, өйткені емделу курсын мерзімінен бұрын тоқтату немесе изониазидті үзіліспен ішу  емдеуде тиімділік бермейді.

Химиопрофилактика туберкулезге қарсы қалыптасқан табиғи иммунитетті бұзбаумен қатар, сондай-ақ бактериялардың көбеюіне тосқауыл қою жолымен туберкулезге  шалдығу қауіпін едәуір төмендетеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақстандағы бизнеске АИВ/ЖИТС, туберкулëздің әсері – бәсекеге қабілеттілікті арттыру және сырқаттану көрсеткіштерін азайту мақсатында туберкулëз, АИВ, ЖИТС дерттерін емдеу, алдын-алу шаралары бойынша бизнес-құрылымдарымен тұрғындарды хабардар етуді арттыру» жобасы аясында дайындалды


 
0
0
3283

Еще по теме

ХИМИОПРОФИЛАКТИКАНЫ ӨТКІЗУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА - Yvision.kz