ХХХІІІ КОНФЕРЕНЦИЯ ОЗДЫРЫЛДЫ
2 шілде күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы оздырылды. Онлайн форматта өткен конференцияға «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Альберт Есалиев төрағалық етіп, бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар, Саяси Кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты. Конференция күн тәртібіне Казталов ауданы бойынша Казталов ауылдық округі әкімінің сайлауына «Nur Otan» партиясы атынан кандидат ұсыну жөнінде мәселе ұсынылып, қаралды.
Аталған мәселе бойынша Казталов ауылдық округінің әкімдігіне өтініш берген 2 кандидаттың өтініші конференция жұмысында қаралды. Конференцияға қатысушы делегаттардың басым дауысымен Казталов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ернар Бахтиярұлы Ғалымовтың кандидатурасы партия атынан Казталов ауылдық округінің әкімі сайлауына ұсынылды.
