ХХХІІ ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
ХХХІІ ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
29 сәуір күні онлайн форматта «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының кезекті ХХХІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференция «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мұханбетжанова Әлия Биғазықызы төрағалығымен, конференция делегаттарының қатысуымен өтті.
Кезекті конференцияның күн тәртібінде партияның аумақтық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттер, «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамын сайлау, «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының құрамын бекіту, облыстық конференцияның делегаттарын сайлау мәселелері қаралды. Алғашқы мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Байтенова Светлана Ешматқызы баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша делегаттардың бір ауыздан мақұлдауымен «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамына 15 адам, ал «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының құрамына 7 адам сайланды.
Конференцияның күн тәртібіне сәйкес облыстық конференцияға ауданымызға бекітілген квота бойынша 4 делегат сайланды.
«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының кезекті ХХХІІ есеп беру-сайлау конференциясында қаралған мәселелер толығымен қаралып, қаулы бекітілді
