ХХХІІ ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
28 сәуір күні онлайн форматта «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының кезекті ХХХІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференция «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Альберт Есалиевтің төрағалығымен, конференция делегаттарының қатысуымен өтті.
Кезекті конференцияның күн тәртібінде партияның аумақтық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттер, «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамын сайлау, «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының құрамын бекіту, облыстық конференцияның делегаттарын сайлау мәселелері қаралды. Алғашқы мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша делегаттардың бір ауыздан мақұлдауымен «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамына 17 азамат сайланды. Ал «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының құрамына «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Альберт Есалиев, «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин, Казталов аудандық мәслихатының хатшысы Сәрсенбай Молдашев, Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, аудандық маслихат депутаты Гүлдана Даулетова, К.Мендалиев атындағы ОЖББМ-нің мұғалімі, аудандық маслихат депутаты Гүлбарам Лұқпанова, аудандық балалар саз мектебінің директоры, «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының резерв мүшесі Жадыра Тлеубаева, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Аңсар Ибраев ұсынылып, бекітілді. Конференцияның күн тәртібіне сәйкес облыстық конференцияға ауданымызға бекітілген квота бойынша 5 делегат сайланды.
«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының кезекті ХХХІІ есеп беру-сайлау конференциясында қаралған мәселелер толығымен қаралып, қаулы бекітілді.



