ХХХI конференция
Ағымдағы жылдың 11 қараша күні «Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалының кезектен тыс ХХХI конференциясы болып өтті. Аудандық конференцияны «Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ахметов Жәрдемғали Бахуұлы жүргізді. Конференцияға аудандық партия филиалына қарасты 11 бастауыш партия ұйымдарынан санитарлық талаптарды сақтай отырып, 50 делегат қатысты. Конференцияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:

1) «Nur Otan» партиясының Атырау облысы Махамбет ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының жобасын бекіту туралы;

2) Атырау облыстық маслихатына ұсынылатын партиялық тізімге кандидаттарды пікірсайыс арқылы ұсыну туралы;

3) Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатына «Nur Otan» партиясынан партиялық тізімді бекіту туралы;
4) «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс ХХXII конференциясына делегаттарды сайлау туралы.
5) «Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалының Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы.
«Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясының қарауына ұсынылған мәселелер толық қаралды.
