ХХХ есеп беру - сайлау конференциясы
Бүгін «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының кезекті ХХХ есеп беру – сайлау конференциясы өткізілді. Конференция санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты аудандық филиалдың Саяси кеңесі бюросының шешімімен онлайн форматында өтті. Конференция жұмысына аудандық партия филиалының төрағасы Төреғалиев Төлеген Серікқалиұлы төрағалық етті. «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының кезекті ХХХ есеп беру – сайлау конференциясына 17 бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 49 делегаттың 45-і онлайн форматында қатынасты. 4 делегат түрлі- себептермен қатыса алмады. Аудандық конференцияның күн тәртібінде келесідей мәселелер қаралды. 1. «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттер;
2. «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының Саяси кеңесін сайлау;
3. «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының есеп беру-сайлауконференциясына делегаттарды сайлау.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық филиалдың 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары екі жылмен салыстырмалы түрде сараланып, алдағы тұрған міндеттері тыңдалды. Есепті кезеңде аудандық филиалдың Саяси кеңесінің барлық ұйымдастырушылық, идеологиялық, саяси-көпшілік жұмыстары, Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауларын, «Nur Otan» партиясының Съезінің шешімдерін, партияның сайлауалды бағдарламасын және жоғарғы партия органдарының тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталып жүргізілді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша құрамы 15 адамнан тұратын «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы Саяси Кеңесінің құрамы және құрамы 7 адамнан тұратын Саяси Кеңес Бюросының құрамдары бекітіліп, конференцияға қатысушы делегеттар тарапынан қолдау тапты. Үшінші мәселе бойынша Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына конференцияға қатысушы делегаттардың ұсыныстарымен 4 делегат сайланды.


