ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ ЖАҚСАРАДЫ
"50 елдің қатарына қосылсақ керемет мемлекет боламыз, 2020 жылы халықтың жағдайы ғажайып болады", деген "бағдарламалардың" сағым сияқты қиял екенін халық, "30 елдің қатарына қосылудың бағдарламасы" ұсынылғанда бірақ түсінді.
Халықты алдай беруге бола ма?!
Онсыз да халық уәдеге сеніп, 30 жыл бойы «қиял қуған» биліктің езгісіне шыдады.
Қазір Қазақстан халқы ұрпақ болашағы үшін қандай жолды таңдау қажет екенін анықтау керек. Яғни, мемлекетті дамудың жаңа деңгейіне көтеру үшін революциялық жолмен бе, әлде эволюциялық жолмен мемлекеттік жүйені өзгерту қажет пе, соны анықтау керек.
Революцияның халық басына қандай ауыртпашалық әкелетінін Украина, Қырғызстан тәжрибелері көрсетті.
Оның үстіне революция нәтижесін билікқұмар тұлғалардың иемденіп, билікке келген соң халықты бұрынғы биліктен де жауыздықпен қанайтынын тағы да сол Украина, Қырғыстан тәжрибелері көрсетті.
Халыққа да, билікке де тиімді ортақ нәтиже беретін эволюциялық өзгерістер әкелуге, мақсаттары биліктегілердің баюына бағытталған топ өз еркімен мүмкіндік беретін емес.
Бұл жағдайдың шексіз жалғаса беруі мүмкін емес! Себебі, халықтың да шыдамы шексіз емес!
Осындай сын сағатта, мемлекеттік дамуды жаңа деңгейге көтеріп, халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған өзгерістер жасау мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың саяси шешіміне байланысты.
Өкінішке орай, Тоқаев президент болған бір жыл мерзім ішінде, халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған ешқандай түбегейлі өзгерістер жасалынған жоқ. Күн санап халықтың Тоқаевқа артқан сенімі сұйылып бара жатыр. Егер осы қалыптасқан жағдай жалғаса берсе (халқымыздың ең жоғары бағаланатын құндылықтары, үлкенді силау, аналарды құрметтеу аяққа тапталып, наразылыққа шыққан ақ сақалды аталарды, ақ жаулықты әжелерді, жүкті аналарды көшеде сүйреу тоқтатылмаса), Тоқаевтың саяси билігі ұзаққа бармайды!
Не істеу керек?!
Президенттен бастап, қатардағы маманға дейін барлық мемлекеттік қызметкерлердің негізгі міндеті, халықтың жағдайын жақсартып, мемлекетті нығайтуға бағытталуы қажет.
Бұндай деңгейге қалай жетуге болады?!
Ол үшін, мемлекеттің даму бағытын анықтап, экономиканы жаңа деңгейге көтеретін бағдарлама жобасын дайындау үшін, барлық демократиялық ұйымдардың өкілдерінің, қоғамдық белсенділердің қатысуын қаматамассыз ететін Ұлттық комиссия құру қажет. Ұлттық комиссияға билік тарапынан президенттен басқа ешкім қатыспауы керек. Себебі, үкіметтің Қазақстан экономикасын жаңа деңгейге көтеріп, халықтың жағдайын жақсартуға қауқары да, құлқы да жоқ! Мақсаты мемлекет қазынасын талан-таражға салуға бағытталған үкіметке үміт арту мүмкін емес.
Неге Ұлттық комиссия?!
Президенттік басқару жүйесі қандай жағдайға жеткізетінін 29 жылдық тәжрибе көрсетті. Украина, Қырғыстан тәжрибелері де Қазақстан сияқты дамушы мемлекеттерде президенттік басқару жүйесінің халықты жікке бөліп, мемлекетті әлсіретіп, халықты жағдайын бейшара күйге жеткізетінін көрсетті.
Парламенттік басқару жүйесін құру үшін уақыт қажет.
Оның үстіне, ойлағандары тек қана мемлекет қаржысын талан-таражға салуға бағытталған биліккқұмар жүйенің "өкілдерін" билікке жібермей, халық жағдайын, мемлекеттің даму бағытын анықтау үшін бүкіл демократиляқ топтардың үлес қосуына мүмкіндік беретін алаң қажет.
Қалыптасқан жағдайда бұндай мүмкіндікті Ұлттық комиссия қамтамассыз ете алады.
Ұлттық комиссия дайындаған бағдарлама, халық талқысынан өткеннен кейін жалпы референдум арқылы бекітілуі керек.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының президенті Қ.Тоқаевқа қойылатын талап:
1.Мемлекеттің даму бағытын анықтап, экономиканы жаңа деңгейге көтеретін Ұлттық бағдарлама жобасын дайындау үшін барлық демократиялық ұйымдардың өкілдерінің, қоғамдық белсенділердің қатысуын қаматамассыз ететін Ұлттық комиссия құрылсын.
2.Парламент таратылсын. Ұлттық бағдарлама бекітілгенше ешқандай сайлау өткізілмесін.
3.Үкіметтің жұмысы Ұлттық комиссия қадағалауына алынсын.
«Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы!» Ұлттық қозғалысы
Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірігетін уақыт жетті, Бауырлар!
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Алтау араз болса, ауыздағы кетеді.
Келіссеңіз, таратыңыз!
18.06.2020 ж.
