Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ХАЛЫҚТЫ ТЫҢДАУ ПАРЫЗ!

Міне, сағат тіліндей сырғыған уақыт елімізде болатын 2021 жылдың 10 қаңтарындағы сайлаудың үгіт-насихат жұмыстарының екінші он күндігіне де жеткізді. Қиындықты еңсеріп, жетістікке бірге жетуді мақсат тұтқан «Nur Otan» партиясы әр азаматтың лайықты өмір сүруі үшін бағдарлама жасақтап халыққа таныстыруда.

Бүгін Ханай Аширбеков Аққұм елдімекеніндегі Әли ата көшесінің тұрғындарына «Есіктен есікке» акциясы аясында, азаматтарды мазалайтын сұрақтарына жауап беріп, ауданды дамытудың 7 басым бағыттарының негізінде жасалған бағдарламасымен таныстырды.

Ауыл тұрғындарын толғандыратыны жұмыс орындарының ашылуы мен инфоқұрылым сапасын арттыру. Партия аталған мәселелерді шешу үшін әлі талай бастаманың басында болатынын жеткізді.

Сайлаушының талабы мен талғамына сай ой толғай білу алдың, оның пірін тыңдай білу керектігін біз нұротандықтар жақсы түсінеміз — деп сөзін Х.Асанұлы аяқтады

1
0
172

Еще по теме

ХАЛЫҚТЫ ТЫҢДАУ ПАРЫЗ! - Yvision.kz