Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ХАЛЫҚТЫҢ ӘРБІР ҮШІНШІСІНДЕ БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАР

Бүгін, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер – Дина Ғалиметденова өзінің әлеуметтік желі парақшасында тікелей эфир өткізіп, тұрғындарды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Өз сөзінде үміткер «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасына тоқталып, дамудың жеті басымдықтары жөнінде айтып өтті.

Өңірдегі өзекті мәселерді тілге тиек ете отырып, партияның сайлауалды бағдарламасында өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған бірнеше шаралардың бар екендігін айтты.

- Бүгінгі таңда, аумақта тұрғын үй кезегінде 26,2 мың адам тұр. 2021-2025 жылдар аралығында бюджет қаражаты есебінен Орал және Ақсай қалаларында 34 көппәтерлі тұрғын үй, барлық аудандарда 223 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады. 182 үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту арқылы 10-нан астам апатты және тозығы жеткен үйлерді бұзу арқылы жаңа үйлердің салынатын болады. Бұл шаралар арқылы 8 мыңға жуық отбасы баспанаға қол жеткізе алады – деді ол.

0
0
121

Еще по теме

ХАЛЫҚТЫҢ ӘРБІР ҮШІНШІСІНДЕ БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАР - Yvision.kz