ХАЛЫҚТЫҢ ЦИФРЛЫ САУАТТЫЛЫҒЫ АРТАДЫ
«Ақтөбе қаласының табысты дамуының кепілі туындаған мәселелерді шешу болып табылады» деген Мирлан Сатыбалдин сауалдарын жолдаған қала тұрғындарын алдағы сайлауға шақырды.
- Cайлауалды бағдарламаның алтыншы бағыты ашық және есеп
беретін жергілікті органдар деп аталады. Бұл мемлекеттік қызметшілердің қызмет көрсету кезінде әуре-сарсаңға және төрешілдікке жол бермеу жауапкершілігін күшейтеді. Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетеді. Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді. Осы үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай білім беру, тұрғын үй, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 100%-ға жеткізеді деген жоспар бар. Қала тұрғындарын тұрғылықты жері бойынша білім беру мекемелеріне оқуға тарту арқылы халықтың цифрлық сауаттылығын артатын болады. Ақпараттық жүйе және мобильді қосымша базасында «109» колл-орталығының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеміз. 2025 жылы қалада электрондық билеттеу жүйесін енгізіледі. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесімен сауда объектілерінің желісін кеңейту жоспарда бар. Сол жылға қарай онлайн бақылау-кассалық аппараттарды пайдаланатын кәсіпкер саны 100% құрауы тиіс,-деді Мирлан Сатыбалдин.
Сонымен бірге партия «Ақтөбе - Адалдық алаңы» жобалық офисімен бірлесе отырып, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша іс-шараларға қатысуға азаматтарды шақырады. «Адал Ұрпақ» мектеп клубтарының және «Саналы Ұрпақ» студенттік клубтарының жұмысы шеңберінде азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға жәрдемдесетін болады.
Онлайн форматтағы кездесуде тұрғындар тарапынан білім, жастар саласында сұрақтар қойылды. Ақылбек Оралмағанбетов халықтың барлық сұрағына жауап беріп, алдағы сайлау туралы айтып өтті. Ал Аслан Жұмашев болса аз уақыттан кейін болатын сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
