Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛАУЫ, КӨПТІҢ ТІЛЕУІ – ТОҚАЕВ

📷ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛАУЫ, КӨПТІҢ ТІЛЕУІ – ТОҚАЕВ

📷Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ұсынған халықтық коалицияның өкілдері №9 орта мектеп-интернаты ұжымен кездесті.

📷Ұлағатты ұстаздардың алдында сөз алған Сабыржан Тембаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» атты сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндірді.

📷–Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп айтқан қанатты сөзі бүгінгі күні де өзекті. Біз әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің біріне емес, бірегейіне айналуымыз үшін сауаттылығы жоғары, бәсекеге қабілетті тұлға бола білуіміз қажет. Сондай-ақ, әрқайсымыз азаматтық ұстанымымызға берік болуымыз қажет, – деген Сабыржан Асхатұлы жиналғандарды 20 қарашада өз таңдауын жасауға шақырды. Тұтас елдің тағдыры шешілгенде әр азаматтың дауысы маңызды екенін ұғындырған спикер Әділетті Қазақстанда әділ қоғам орнатуды көздеген Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақсат-міндетін кеңінен тарқатты.

📷Сенімді өкілдердің әр сөзін ұйып тыңдаған мұғалімдер кездесу соңында өз пікірін білдіруді жөн көрді. Олар күні бүгінге дейін Президенттікке түскен кандидаттардың сайлауалды бағдарламасымен толық танысқан. Халық игілігі үшін аянбай тер төгеді деген азаматты да таңдағанға ұқсайды.

📷–Ауыл – әрбір қазақтың жүрегінде. Расын айту керек, ауылдарымыз тоз-тозы шығып, ондағы ағайынның үдере қалаға көшкенін көргенде жүрегіміз қан жылайтын. Енді міне, жүрегімізді қуаныш кернеп тұр. Қасым-Жомарт Кемелұлы ауылды қолдаудың жаңа тетіктерін ұсынып отыр. Ауыл мен қаланың айырмасы болмайды дегенге өз басым сенемін, – деген Динара Серікқалиқызын әріптестері қолдап, Тоқаев елімізді дамудың жаңа белесіне шығарып, халықтың мұң-мұқтаждығын назарға алып, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыратынына кәміл сенімді. Және Қасым-Жомарт Кемелұлына қолдау білдіріп, бастамаларын сәтті жүзеге асыруда өз үлестерін қоспақ ниетте.

#Toqaev2022

0
0
215

Еще по теме

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛАУЫ, КӨПТІҢ ТІЛЕУІ – ТОҚАЕВ - Yvision.kz