Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ХАЛЫҚ СЕНІМІНДЕГІ ПАРТИЯ

ХАЛЫҚ СЕНІМІНДЕГІ ПАРТИЯ

Бүгін Қарасаз ауылынды «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Құдабаев Ерлан, Раева Бақыт және Шағынбаев Ринат ауыл тұрғындарымен кездесті.

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында ұйымдастырылған кездесуде үміткерлер партияның өткенін сараптап, келешекке құрған жоспарын халыққа түсіндіріп берді. Сонымен қатар үміткерлер өздерінің қызмет етіп жүрген саласы бойынша да атқарып жатырған жұмыстарды баяндай отырып, өз тараптарынан ауданымыздың экономикасының, әлеуметтік сала, мәдениет пен білім салаларының дамуына қатысты тың бастамаларды қолдауға ниетті екендіктерін жеткізді. Кездесу барысында кәсіпкерлікті дамыту және мәдениет салаларына қатысты сұрақтар қойылып, ауыл шаруашылығына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.

Осы уақытқа дейін де халықтың сенімін ақтап, бағдарламаларында көрсетілген мақсаттары мен міндеттерін артығымен орындаған партияның болашағы зор. Үміткерлер де партияның халық сеніміне ие екендігін ескеріп, сайлаушыларды партияға дауыс беруге шақырды. Атаулы кездесуде барлық санитарлық талаптар сақталды.

Еще по теме

ХАЛЫҚ СЕНІМІНДЕГІ ПАРТИЯ - Yvision.kz