Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ХАЛЫҚ СЕНІМІНДЕГІ ПАРТИЯ

20 желтоқсан күні Сағи Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Салтанат Өтеғұлова және Нұрлыбай Жолдыбаев Казталов ауылының тұрғындарымен кездесті.

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында ұйымдастырылған кездесуде үміткерлер партияның өткенін сараптап, келешекке құрған жоспарын халыққа түсіндіріп берді. Сонымен қатар үміткерлер өздерінің қызмет етіп жүрген саласы бойынша да атқарып жатырған жұмыстарды баяндай отырып, өз тараптарынан ауданымыздың экономикасының, әлеуметтік сала, мәдениет пен білім салаларының дамуына қатысты тың бастамаларды қолдауға ниетті екендіктерін жеткізді. Кездесу барысында кәсіпкерлікті дамыту және мәдениет (ауылдық клубтардың, аудандғы клубтардың материалдық жағдайы) салаларына қатысты сұрақтар қойылып, ауыл шаруашылығына (мал шаруашылығы, құс шаруашылығы) қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Сауалдардың маңыздылығын ескере отырып үміткерлер айтылған ұсыныс-тілектерді тиісті орындарға жеткізіп, шешімін табуына ықпал ететіндігін жеткізді.

Осы уақытқа дейін де халықтың сенімін ақтап, бағдарламаларында көрсетілген мақсаттары мен міндеттерін артығымен орындаған партияның болашағы зор. Үміткерлер де партияның халық сеніміне ие екендігін ескеріп, сайлаушыларды партияға дауыс беруге шақырды. Атаулы кездесуде барлық санитарлық талаптар сақталды.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
130

Еще по теме

ХАЛЫҚ СЕНІМІНДЕГІ ПАРТИЯ - Yvision.kz