Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ХАЛЫҚ БАСЫНДАҒЫ ҚАСІРЕТТІ ПАЙДА КӨЗІНЕ АЙНАЛДЫРҒАН БИЛІКТІҢ ҚЫЛМЫСЫ

Бұл бүкіл Қазақстан халқын тегін бетпердемен ғана емес, дәрі-дәрмекпен, қажетті құралдармен тегін қамтамассыз етіп, қажетті мөлшерде науқастарға арналған орын дайындаға жетерлік қаражат.

Індет уақытында халық "бұл қамқорлықтың" қызығын көрудің орнына, дәрі-дәрмек тапшылығына ұрынды.

Белгілі болғандай, мемлекеттік арнайы мекемелер халықты індеттен құтқарудың орнына, дәрі-дәрмек бағасын өсіру мақсатында қоймада тығып, өздерінің сыбайластары арқылы қымбат бағаға сатып отырғандары анықталды.

Сонымен бірге, халыққа жанашыр азаматтардың (қазақстандық және шет елдік) өз қаржыларына алып, халықты емдеуге тегін берген арнайы құралдардың өзін қоймаға жасырған.

Халыққа қарсы қастандықтың ең сорақысы - ол, індет уақытында ауруханаларда емделіп жатқан науқастарды шығарып жіберу. Оның себебі, қазынадан бөлінген қаражатты қосымша орын дайындауға жұмсамас үшін. Яғни, қаражатты талан-таражға салу үшін алдын ала жасалынған дайындық.

Осы себептердің салдарынан халық қырғынға ұшырады.

Ең өкініштісі, індеттен қайтыс болғандардан басқаларын ешкім есепке алып жатқан жоқ. Оларды тек қана жерлеп үлгеріп жатыр. Ал шын мәнінде олар аурудан емес, дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетіліп, емделмегендіктен қайтыс болғандар.

Демек. оларға қасақана қастандық жасалды. Олар үшін кім жауап береді?!

Халықты осындай жауыздықпен қырғынға ұшыратқан билікке қарсы қазір бас көтермегенде, қашан бас көтересің қазағым?! Басқаны жалмаған ажал, сені де жалмайды. О дүниеден келіп ешкім наразылық жасап көрген жоқ.

Ұрпақ болашағы үшін көтер басыңды!

Қосыл наразылық акциясына!

Шақыр достарды қатарға!

Себептері, уақыты мен тәртібі мұнда: https://yvision.kz/post/862175

0
0
467

Еще по теме

ХАЛЫҚ БАСЫНДАҒЫ ҚАСІРЕТТІ ПАЙДА КӨЗІНЕ АЙНАЛДЫРҒАН БИЛІКТІҢ ҚЫЛМЫСЫ - Yvision.kz