Перейти к содержимому

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

2024 жылдың 12 сәуірінде Әл-Фараби атындағыҚазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орайЮНЕСКО-ның Журналистика және коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің қолдауыменХалықаралық Фараби форумы аясында «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқытумодельдері» (МТIJ) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференция жұмысын журналистика факультетінің деканы Темірғали Көпбаев факультеттегі тұрақты даму саласындағы білім берудің жай-күйіне тоқталуымен ашты. Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы, БҰҰ жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, университеттің БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» UNAI Жаһандық хабына жетекшілік ету мерзіміне 10 жыл толғанын ерекше атады.

Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесініңкоммуникация және ақпарат бөлімінің маманы Сергей Карпов Өңірлік кеңсе атынан кафедраның тұрақтыдамудың 4.7., 16.10 мақсаттары бойыншаКоммуникацияны дамыту Халықаралықбағдарламасымен бірлескен қызметіне алғыс білдірді. ЮНЕСКО-ның семинарлар сериясына тоқталды.Қазіргідей сандық, мультимедиялық интерактивтікоммуникациялық технологиялар дәуіріндехалықаралық деңгейде журналистер дайындау, оқубағдарламаларының сапасы аса өзекті мәселегеайналды.

Конференцияда талқыланған тақырыптар: журналистік білім берудің жаңа бағыттары, медиапедагогика – болашақтың дағдылары; журналистиканың посткәсіби әлемі: оқубағдарламаларын бейімдеу; көші-қон және босқындартақырыбын көрсетуге арналған білім беру бағдарламаларының алгоритмі, қазіргі халықаралықжурналистика: тәуекелдер мен мүмкіндіктер, заманауимедианың технологиялары мен әлеуметтікқұндылықтары: өзгерістер тәуекелдері т.б. 

Қазақ ұлттық университеті қызметінің басым бағыттары,  білім беру қызметінің сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамыту, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу анықталды.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы Сыртқыістер министрлігі Алматы қаласындағы өкілдігініңСаяси ынтымақтастық басқармасының басшысыАлмаша Аренова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тұрақты даму бойынша Пан Ги Мун институтының директоры Жансая Исаева, Алматы Азаматтық Альянсының төрағасы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Қайыржан Абдыхалықов, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің журналистика және бұқаралық коммуникациялар жоғары мектебініңпрофессоры, с.ғ.д., саясаттанушы Илья Быков, Түркітілдес Журналистер қоры Президенті НәзияЖоямергенқызы, Avrupa Media Holding (Ұлыбритания) құрылтайшысы, журналист Ватан Өз, Сиань Цзяотун университетінің Жаңа медиа журналистика мектебінің профессоры Фэн Ву, Интер-Медиа Брюссель қоғамдыққорының (Түркия) құрылтайшысы, журналист Юсуф Джинал, Пенза мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. Галина Зуева (Ресей), «Молдова-1» қоғамдық телеарна редакциясының бас редакторы Людмила Барба (Молдова Республикасы) кәсіби журналистер даярлаудағы өзекті мәселелерді қозғады.

 

Қалибекқызы Анар,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация 

кафедрасының аға оқытушысы

0
0
296

Еще по теме

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ - Yvision.kz