ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ.
Іс-шара Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен "Nur Otan" партиясының Маңғыстау облыстық филиалының қолдауымен ұйымдастырылды.
Шахмат, үстел теннисі, волейбол (отырып ойнау) бойынша турнирге облыстың әртүрлі аудандары мен қалаларынан 40-қа жуық мүмкіндігі шектеулі спортшы қатысты.
"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы комиссиясының төрайымы Баян Жалмағанбетованың айтуынша, Халықаралық мүгедектер күнін 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 3 желтоқсанда белгілеп, мүгедектердің проблемаларына қоғамның назарын аударуға бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың мақсаты дене шынықтыру мен спортты оңалту құралы ретінде насихаттау және мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға табысты интеграциялау, сондай-ақ шахматты мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді спорт түрі ретінде танымал ету болып табылады.
- Біздің мүмкіндігі шектеулі спортшылар белсенді түрде салауатты өмір салтын ұстануды жалғастыруда. Мәселен, облыстық мүмкіндігі шектеулі жандар спорт клубында олар спорттың 20 түрімен айналысады, спортпен шұғылдану үшін оларға жақсы жағдайлар жасалады, - деп атап өтті Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының төрағасы Қанат Жұмабаев.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін спорты клубы 2016 жылдың желтоқсан айында ашылған болатын. Спортпен шұғылдану оларға қоғамға психологиялық және әлеуметтік бейімделуге көмектесті.
- Маңғыстау облысында 386 адам түрлі спорт түрлерімен айналысады, тағы 720 адам денсаулық топтарында, яғни сауықтыру спортымен айналысады. Олар қалалық және облыстық жарыстар мен турнирлерге белсенді қатысады. Әрине, жоғары нәтижелер де бар. Жақында, қараша айының соңында біздің облыстың құрама командасы Түркістанда өткен Қазақстан чемпионатында алты команда арасында бірінші орынға ие болды. Біз сегізінші рет чемпион атандық, - дейді Маңғыстау облыстық мүмкіндігі шектеулі жандар спорты клубының директоры Нұралы Құлышев.
Турнирдің барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және кубокпен марапатталды.
Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 28 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар бар.
Айта кетейік, "Nur Otan" партиясының жаңа бағдарламасына сәйкес алдағы бес жылда мүгмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Қазақстанда 64 кешенді іс-шарадан тұратын 2025 жылға дейінгі жоспар іске асырылуда.

