ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МҮГЕДЕКТЕР КҮНІ
Бұл дата Біріккен ұлттар ұйымының ұйғарымымен 1992 жылдан бастап атап өтіледі. Мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару.
Әлемде мүмкіндігі шектеулі жандар саны артып келеді. Бұл құбылыс біздің елде де байқалады. Қоғамның салмақты бөлігін алатын азаматтарға кедергісіз орта құру әркез назарда болуы тиіс.
Осы орайда Қазақстанда мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі бірқатар іс-шаралар жоспары әзірленген. Оның ішінде, «Мүгедектерге кедергісіз орта құру» және олардың өмірдің барлық саласында қызмет пен қызметке қолжетімдігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөлініп келеді.
