ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУШЫЛАР «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНА БАРДЫ
📷📷
Бүгін Павлодар облысындағы сайлауалды штабына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары Майя Барбара Хюрлиманн мен Тимо Юхани Лайне келді.
📷📷
Өңірлік штаб басшысы, «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко халықаралық байқаушылардың штаб жұмысы, кандидаттарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған үгіт-насихат іс-шаралары, үгіттік-насихат материалдарын тарату жұмысы туралы сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, байқаушылар штабтың орналасқан жерімен, оның мүшелерімен, үгіт-насихат материалдарымен танысты. Айта кетейік, ЕҚЫҰ миссиясы Қазақстандағы кезектен тыс парламенттік сайлауды бақылауға кірісті.
📷📷
Делегация құрамына 11 халықаралық сарапшы, 32 ұзақ мерзімді және 300 қысқа мерзімді байқаушы кірді. Олар сайлау науқан, оның ішінде әлеуметтік медианы мұқият қадағалайды.
