04 наурыз күні өңірімізден сайланған аудандық маслихат депутаты, Казталов аудандық "Nur Otan" партиясының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин Ақпәтер ауылындағы көп балалы, аз қамтылған отбасы Нұргүл Айтқалиеваның шаңырағында болып, көктемнің алғашқы күндерінің бірі, 8 наурыз "Халықаралық әйелдер күні" мерекесімен құттықтап, өзінің мерекелік қоржынын табыстап, ақ жарма тілегін жеткізді. Өз кезегінде құттықтай келген қонақтарға алғысын білдірген көп балалы ана депутатқа өз өтінішін де білдірді. Ол соңғы уақытта заңның өзгеруіне байланысты атаулы әлеуметтік көмектің тимей отырғанын айтып, аталған мәселені шешіп беруін өтінді. Өтінішін тыңдаған маслихат депутаты, тиісті мекеме қызыметкерлерімен бірлесе жұмыстанып, нәтижесінде көп балалы ананың мәселесі өз шешімін тапты.