ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ЕЛГЕ КЕЛДІ.
Кеше ауданымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Иманқұлұлы Құлшар аудан орталығы Чапаев ауылындағы тұрғын үй құрылысымен, Жайық жағалауының бекіту жұмыстарымен, Мойылды ауылындағы таза ауыз су құбырының құрылыс барысымен танысып, Чапаев ауылының еңбек ардагерлері, қоғам белсенділерімен кездесу өткізді. Сонымен қатар аудандағы жұмыс сапары Тайпақ ауылында жалғасын тапты. Атап айтқанда Мәлік Иманқұлұлы Ы.Алтынсарин атындағы мектептің күрделі жөндеу жұмысының барысымен және бой көтеріп жатқан тұрғын үй құрылысымен танысты.
