Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ЕЛГЕ КЕЛДІ.

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар арнайы жұмыс сапарымен ауданымызға келді. Сапар барысын Т.Масин, Бисен ауылдық округтерінде шаруашылықтардан бастаған халық қалаулысы, алдағы қысқы мезгілге малға шөп дайындау науқанымен танысып, бірқатар шаруалармен кездесіп, әңгімелесті. Кездесу барысында шаруа қожалығы иелері, былтырғы жылы ауданда қуаңшылық болғанын осындай кезеңдерде шаруаларының мал азығына Үкімет тарапынан көмектің берілуі, шекаралас аудандарға ауыл шаруашылығын субсидиялауға арналған арнайы бағдарламаның қажеттігі, Ресей Федерациясына полигонға тиесілі жерлерді ауданның жер қорына кері қайтару, киіктің жайылымдық жерлерге түсуі, облыс бойынша қасқыр аулауға деген шекті лимиттің аздығы, Мұратсай көліне келетін судың мөлшерін көбейту және сол арқылы Қопаға су түсіру сынды ауданның проблемалық мәселелеріне тоқталып, олардың жоғарғы органдар тарапынан шешілуіне ықпалдық танытуын сұрады. Өз кезегінде, Мәлік Иманқұлұлы барлық көтерілген мәселелердің орынды екендігін айтып, тиісті органдарға жеткізетіндігін жеткізді.

Одан әрі республикалық маңызы бар Өнеге-Бисен-Сайқын жолының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Алдымен республикалық жолдың 50-83 шақырымына жөндеу жүргізуші қосалқы мердігер «Қоңыр сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысын қарап, мерзімінен кешігу кестесіне көңілі толмайтындығын айтып, ескерту жасады және де маңызды жолдың құрылысы өзінің үнемі бақылауында болатындығын жеткізіп, жолды сапалы, әрі уақытылы жүргізілуін тапсырды. Кейін осы республикалық жолдың 0-50 шақырымына жол салушы мердігер «Атырау жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің де жұмысымен танысып, ескертпелерін берді.

0
0
338

Еще по теме

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ЕЛГЕ КЕЛДІ. - Yvision.kz