Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ƏКІММЕН КЕЗДЕСТІ

24 маусым күні Казталов ауданының əкімі Альберт Есалиев аудандық мəслихат депутаттарымен кездесіп, аудан халқына ортақ мəселелер туралы ашық əңгімелесті.

Биылғы жылы сайланған халық қалаулылары ауданға қарасты ауылдық округтердегі тұрғындармен кездесіп, қабылдаулар жүргізіп, оларды толғандырған елдің ортақ мəселелерін облыстың, ауданның атқамінер азаматтарына жеткізуге жəне шамасынша шешуге жұмыстануда.

Депутаттардың аудан əкімімен кездесуінің де негізгі мақсаты да мəселерді шешу болатын.

Кездесу барысында депутаттар ауыл шаруашылық мақсатындағы жер беру, ауыз су, техникалық су, мектептердің, мəдениет үйлерінің күрделі жөндеуі, бөгеттер тазалау, ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтердің жұмысы, облыстық, аудандық маңызы бар жəне ауылішілік жолдардың күрделі жөндеуі, балабақшалардың жабылуы секілді өзекті мəселелер көтеріп, аудан əкімімен бірге шешілу жолдары туралы талқылады.

Халық қалаулылары көтерген мəселелер бойынша аудан басшысы орынбасарларына тиістіп тапсырмалар жүктеп, кейбір мәселелерді жоспарға сай шешуді тапсырды.

0
0
141

Еще по теме

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ƏКІММЕН КЕЗДЕСТІ - Yvision.kz