ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІ МЕН ТҰТАСТЫҒЫ – РЕФОРМАЛАРДЫҢ ТАБЫСТЫ БОЛУЫНЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ
«AMANAT» партиясы Келес аудандық партия филиалы жанындағы қоғамдық штабтың апталық қорытындысы бойынша 1 ауыл және 11 ауылдық округтерде 1 республика деңгейінде, 6 облыстық деңгейде және 19 аудандық деңгейде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламаларын насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып, сайлаушылардың 3200 ден аса азаматы қамтылды. Өткізіліп жатқан кездесулерде тұрғындардың айтылған ұсыныс-пікірлері жинақталып тіркелуде. Еріктілер командасы аудандағ рұқсат етілген және келісім алынған үгіт насихат орындарына арнайы ақпараттық насихат парақтарын ілу мен тарқату қызу жүргізілуде.«AMANAT» партиясы Келес аудандық партия филиалы жанындағы қоғамдық штабтың апталық қорытындысы бойынша 1 ауыл және 11 ауылдық округтерде 1 республика деңгейінде, 6 облыстық деңгейде және 19 аудандық деңгейде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламаларын насихаттау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып, сайлаушылардың 3200 ден аса азаматы қамтылды. Өткізіліп жатқан кездесулерде тұрғындардың айтылған ұсыныс-пікірлері жинақталып тіркелуде. Еріктілер командасы аудандағ рұқсат етілген және келісім алынған үгіт насихат орындарына арнайы ақпараттық насихат парақтарын ілу мен тарқату қызу жүргізілуде.
Қоғамдық штаб мүшелері аудан тұрғындарымен кездесіп, түрлі санаттың өкілдеріне кандидаттың алдағы 7 жылға бағытталған «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» бағдарламасында ұсынылған 3 қағидатын насихаттап, бағдарлама негізінде жаңа саяси мәдениет қалыптастыру бағытында «Түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт» қағидатын ұстанып, өзгенің пікірін құрметтеп, диалог жүргізу арқылы ғана еліміз ілгері жылжитындығы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, 20-шы қарашада өтетін кезектен тыс Президент сайлауының маңыздылығы жайлы, сондай-ақ ең алдымен экономика, әлеуметтік сала мен өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер туралы бастама көтеріліп отырғаны, басты мақсат өткеннен сабақ алып, кеткен қателікті түзетіп, қордаланған мәселелерді шешуге атсалысып Қазақстанда әділеттілік орнатуға үлес қосудың маңыздылығы жайлы айтылып, аудан тұрғындарын сайлауға қатысып, өздерінің азаматтық позициясын білдіруге шақырды.
«Жаным – арымның садағасы» деген батыр бабаларымыз ар-намысын және халқының бостандығын бәрінен биік қойғанын, мемлекеттігімізді одан әрі дамытып, оның тұғырын нығайта түсу жолында тамыры терең, мың жылдық құндылықтарымыз жаңғырып, жаңа мағынаға ие болуға тиістігін, ең басты байлығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұрпаққа мирас ету бүгінгі буынның қасиетті парызы екенін айтып өткен апталық кездесулер қорытындыланды.
#TOQAEV2022
